Хабар телеарнасы

Жылу электр орталықтары 2-3 жылда толықтай қайта жаңарады

Айтуынша, бұл бағытта қазір жылу электр орталықтары иелерімен бірлесіп инвестиция құю және қайта жаңғырту жұмысы пысықталып жатыр. Жалпы Қазақстанда 37 жылу электр орталығы бар. Оның 19-ы апатты жағдайында тұр. Бұған дейін жүргізілген зерттеулерге сәйкес қазандықтардың орташа тозуы 66%. Міне, осы статистиканы түзету үшін бүгінде жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі: 
- Оның ішінде Екібастұздағы жылу электр орталығы да бар. Ондағы биылғы күрделі жағдай қайталанбауы маңызды. Алдағы 2-3 жылдың ішінде Екібастұз жылу электр орталығының барлық желісін қайта жаңартуымыз керек. Аталған жұмыс тек Екібастұзда ғана емес, еліміздің басқа қалаларында да жүргізіледі.