Хабар телеарнасы

Президент «Roche Holding AG» фармацевтикалық концернінің басқарма төрағасы Францты қабылдады

Тиісті келісімге бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен «Roche Holding AG» компаниясы арасында қол қойылды. 

Кристоф Франц Президентке қатерлі ісікті анықтаудың инновациялық тәсілдерін игеруге қатысты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.

Сонымен қатар келесі жылы компанияның қолдауымен Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг-орталығын ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ кездесуде Қазақстанда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.