Хабар телеарнасы

Ертістегі байқаушылар сайлау учаскелерінің жұмысына жоғары баға берді

Олардың басым бөлігі үкіметтік емес ұйым өкілдері. Белсенді азаматтар бас-аяғы 500-ден астам ашық сайлау учаскесінде болды. Байқаушылардың айтуынша, заң талаптарын бұзу деректері тіркелген жоқ. Айта кетейік, сайлау күні облыстың қала-аудандарында 528 учаске жұмыс істеді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыс халқының 77,58% өз таңдауын жасады.

Русана Самекова, байқаушы:
-Тұрғындар дауыс беруге балаларын ертіп келіп жатты. Себебі, келер ұрпаққа электоралды мәдениетті көрсету маңызды. Біз бақылаған учаскелерде сайлау науқаны тыныш, еш заңбұзушылықтарсыз өтті. Сайлау комиссиялары тыңғылықты дайындалған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасалған