Хабар телеарнасы

Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Абай облысында жалғасты

Бұл кәсіпорын 1987-2004 жылдар аралығында «бронды жөндеу зауыты» деп аталып келген. Өндірістің негізгі бағыты қорғаныс және азаматтық мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату. Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында кандидат сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Қызметкерлермен саяси-әлеуметтік тақырыпта пікір алысты. Мейрам Зекешұлы өңірдегі штаб жұмысымен де танысты. Кандидат Абай облысында бір күн аялдап, тағы бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Альфия Сайфутдинова, облыстық штаб басшысы:
- Жоспарымыз өте көп. Мейрам Зекешұлы Семей қаласындағы университет госпиталінде медицина академиясының оқытушыларымен және дәрігерлер, медициналық құрамммен кездеседі. Өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырады.