Хабар телеарнасы

Қарағандыда Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Кездесу барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан ұлттық экономиканы, бизнесті дамыту және білім беруге қатысты басымдықтар талқыланды. Сондай-ақ штаб мүшелері кеншілерге бағдарламадағы еңбек адамын қолдау, өндірістегі қауіпсіздікті арттыру бағыттарын түсіндірді.

Тоқтар Әубәкіров, Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі:
-Кішкентай болса да үлесімізді Қазақстанды өзгерту үшін, жаңарту үшін қосуымыз керек. Бір кісідей бәріміз 20 қарашада даусымызды берейік.