Хабар телеарнасы

Егемендік туралы декларация осы уақытқа дейін ешқандай өзгеріске ұшырамаған

Дегенмен саяси дағдарыс белең алған қысылтаяң шақта оны іске асыру оңайға түспеді. Бұл тарихи құжат сол кездегі кеңестік заңдардың күшін тоқтатты. Осыдан кейін ғана Қазақстан өзінің заңдарын шығаруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ еліміз ішкі саясатты, әлеуметтік мәселені, жалпы экономикадағы жағдайды өз еркімен шешу құқығына ие болды. Құжат жобасы 4 ай дайындалды. Ол 7 баптан тұрады. Соның негізінде 1991-жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Алматыдағы Президент архивінде декларацияға қатысты көптеген дерек сақтаулы.

Мұхаммед Жылгелдинов, ҚР Президенті архиві оқу-әдістемелік орталығының басшысы:
-Осы декларацияның бір нұсқасы Президент архивінде тұрақты түрде сақтаулы. Сонымен қатар декларацияның өзінің мәтінінен бөлек, осы декларацияны қабылдауға қатысты көптеген құжаттардың түпнұсқалары да сақталуда. Олардың ішінде декларацияны бір күнде қабылданған жоқ қой. Біздің архивтегі құжаттардың күніне қарасақ, ол тамыз айынан бастап, қыркүйек, қазан айына дейін ол қандай формада болады, оның мазмұнына байланысты көптеген талқылаулардың болғанын біздегі құжаттардан көре аламыз.