Хабар телеарнасы

ОСК тағы үш үміткерді тіркеуден бас тартты

Құзырлы органның мәліметінше, олар - «Қазақстан құрылысшылар одағынан» ұсынылған - Талғат Ерғалиев, Оралмандардың «Асар» бірлестігі» қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайрулла Ғабжалилов және «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Фатима Бизақова. Нақтылап айтсақ, Талғат Ерғалиевтің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі жеткіліксіз. Ал, Хайрулла Ғабжалилов Қазақстан азаматы емес және соңғы 24 жыл Қазақстанда тұрманған. Фатима Бизақованың да мемлекеттік қызмет өтілі жоқ екен.