Хабар телеарнасы

Сенат: Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Енді Ақылбек Күрішбаев елімізде жаңадан ашылатын заманауи ғылыми зерттеу институтын басқарады. Сенаттан тағы бір ақпар. Енді қылмыстық кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға заңдық тұрғыда тосқауыл қойылады. Бүгінгі Сенат отырысында кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2 бірдей заң қабылданды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Қабылданған заңдар Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы бірлескен қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған. Бұл заңдар ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы аталған қылмыстардың алдын алуға қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады деп сенеміз.