Хабар телеарнасы

Тоқаев профессор Наум Шафердің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

91 жасында өмірден өткен тарихи тұлға әлемдегі жалғыз грампластинкалар музейінің иесі болды. Шын аты Нахман Гершевич 1931 жылы Бессарабия Кишинев қаласында туған. Қазақстанға депортацияланған. Наум Шафер Евгений Брусиловскийдің шәкірті. Музей алтын қорында 27 мың күйтабақ сақталыпты. Өткен ғасырдың ортасында ел аралап жүріп жинаған мол мұраның ішінде Күләш Байсейітова, Жамал Омарова, Әміре Қашаубаев сынды өнер саңлақтарының таспаға түскен әндерінің түпнұсқалары сақталған.