Хабар телеарнасы

Қатарлық компаниялар Қазақстанға 625 млн доллар инвестиция салуға әзір

Негізгі бағыт ретінде ІТ, медицина мен туризм таңдалып отыр. Бұл салада олар әлем бойынша көшбасшылар қатарында екені белгілі. Жыл сайын миллиондағы адам оларға демалуға және емделуге барады. Енді сол дайын тәжрибені Қазақстанға енгізуге ниетті. Сондай-ақ бізде ауыл шаруашылығы бойынша да бизнес жүргізуге дайын екендіктерін айтты. Алдымен ет өңдеу кәсіпорындарын тұрғызбақшы. Өткен инвестициялық форумға Қатардың 30 компаниясының өкілі қатысты.

Хенрик Халагер, инвестор:
- Біз қонақ үй бизнесін дамытқымыз келеді. Каспий теңізінің жағасында өз нысандарымызды тұрғызсақ дейміз. Ол негізінен шағын ғимараттар. Қазақстан нарығына керегі де сол. Ақша салудан бөлек біз қызмет көрсету, жалпы бұл істі ұйымдастыру бойынша тәжрибемізбен бөлісеміз. Сондай-ақ медицина саласында да жұмыс жасау да жоспарлап отырмыз.

Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары: 
- Қазірдің өзінде Қатар компанияларының арасында тек қана 15 компания Қазақстанда ресми түрде тіркелген. Олардың екеуі ғана қазір жұмыс істеп жатар. Алдағы уақытта Қазақстанға жаңа компаниялар енгелі жатыр. Осы форумның мақсаты сол.