Хабар телеарнасы

Үкімет шаралары Қазақстанда тауарлық газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар реттеушілік және фискалдық артықшылықтарды көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған жақсартылған модельдік келісімшарт енгізілетін болады. Бұл газ саласындағы қолданыстағы және перспективалы жобаларды іске асыруды жандандыруға, сондай-ақ тауарлық газдың ресурстық базасын кемінде 7,7 млрд м3 ұлғайтуға мүмкіндік береді. Елдің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру мәселелері талқыланды. Әлихан Смайылов ықтимал техникалық нұсқаларды егжей-тегжейлі пысықтауды және тиісті жол картасын дайындауды тапсырды.