Хабар телеарнасы

Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК

Құзіретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай Қарақат Әбденге қатысты президенттікке кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады. 

Асылбек Смағұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- ҚР президенттігіне кандидат Қарақат Жақсылыққызы Әбден белгіленген талаптарға сәйкес екені туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының Хаттамасымен бекітіледі. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері хаттамаға қол қояды.