Хабар телеарнасы

Жұмыссыздарға электронды хабарлама арқылы бос жұмыс орындары ұсынылады

Бірақ оның 80% астамы уақытша жұмыс. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды. Жыл сайын жұмыс күшінің саны артатынын ескерсек, мәселені шешудің жаңа тәсілін табу қажет. Жекелеген аймақтарда ахуал тіпті қиын. Қазақстандағы жұмыссыз жастардың көбі Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында. Қазақстанда соңғы кезде электрондық еңбек биржасы іске қосылған. Бір қызығы, онда орналастырылған бос жұмыс орындарының өзіне үнемі үміткер табылмайды екен. Үкімет басшысы осыған байланысты азаматтарды ақпараттандырудың жаңа тәсілін қолдануды ұсынды. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Жұмыссыз жүргендерге электрондық хабарламалар арқылы вакансиялар ұсыну керек. Жұмыссыздарға өтініш жазбай-ақ бос жұмыс орындарын ұсыну маңызды. Мұндай қызметтерді смартфон арқылы қолжетімді ету керек. Тұрақты жұмысы бар адамның тұрмысы да түзу болады. Еңбек нарығында қандай мамандыққа сұраныс көп соған сәйкес жұмыс жүргізу қажет.