Хабар телеарнасы

Діндер съезінің күн тәртібі бекітілді

Дәл осы басқосуда бүкіл ұсыныстар ортаға салынып, екі күнде көтерілетін тақырыптар бекітілді. Негізгі жиыннан бөлек 4 секция ұйымдастырылады. Оларда рухани-адамгершілік құндылықтар, бейбітшілік пен келісімдегі білімнің рөлі, экстремизм мен терроризм мәселелері және әйелдің әлеуметтік мәртебесін айқындаудағы діни қауымдастықтың маңызы таразыланбақ. Одан бөлек съездің қорытынды құжаты саналатын декларация жобасы мақұлдауға ұсынылды.