+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаев пен Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

  • Категория: Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаев пен Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

Жоғары палата депутаттары Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылау үшін өңірлерде 150-ден аса іс-шара өткізді.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының қабылдауында болып, тұрғындардың назын жеткізді. Оларды бағаның өсуі, жолдардың жағдайы, жұмыспен қамту мәселесі, ауызсумен және газбен қамтамасыз ету жайы алаңдатады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметпен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған түйткілдерді шешу қажет екенін ескертті.

Президент «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті де қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмысы мен алдағы жоспары туралы айтылды. Сонымен қатар «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс съезінің күн тәртібі туралы баяндалды.

Кездесуде «Ардагерлер ұйымын» дамыту туралы бірнеше ұсынысқа Президент қолдау білдіріп, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беретінін айтты.

 

Сондай-ақ...