Хабар телеарнасы

Президенттің төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі кеңес өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада арнайы кеңес өткізіп, осылай деді. Қажет түзетулерді жұмыс тобы әзірлеп те қойған.

Президенттің айтуынша, бұл іске белгілі заңгерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері тартылған. Президенттің пайымынша, әсіресе азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі едәуір күшеймек. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл түзетулер мемлекеттік органдарды сылбырлық пен салғырттықтан арылтып, жұмыс істеуіне жол берілмейтінін тағы да еске салып, соңғы үш жылда еліміздегі және әлемдегі жағдайдың түбегейлі өзгергенін айтты.

Үкіметке ерекше актілерді қабылдауға мүмкіндік беріледі. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды саналатын жерге иелік ету мәселесін шешу қажеттігіне арнайы тоқталды.

«Жердің және табиғи ресурстардың иесі – халық» деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы».