Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев ҚХР Үкіметінің Еуразия елдеріне қатысты істер жөніндегі арнаулы өкілі Ли Хуэйді қабылдады

Көрші елдің дипломаты Қазақстан басшысын арнайы шақырды. Бүгінде екі ел арасындағы байланыс бұрынғыдан да беки түскен. Алыс-беріс көлемі де едәуір артқан. Осылай деген ел Президенті осы қарқынды бәсеңдетіп алмау маңызды екенін айтты. Ал Қытай Халық Республикасының өкілі барша Қазақ елін Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Хуэйді қазақ-қытай ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі үшін дипломатиялық қатынастың 30 жыл толуына орай II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мемлекеттеріміз арасындағы достық қатынастар әрқашан дами береді. Пандемияға байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, биылғы 10 айдың ішінде екі ел арасында сауда көлемінің өскені байқалады. Келесі жылы және алдағы уақыттарда елдеріміз арасындағы сауда-саттық қарқыны үдейтініне сенемін.

Ли Хуэй, ҚХР Үкіметінің Еуразия елдеріне қатысты істер жөніндегі арнаулы өкілі:

- Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі даму жолында зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазір Сіздің еліңіз бүкіл әлем құрметпен қарайтын беделді мемлекетке айналды. Қытай-қазақ қатынастарына келетін болсақ, осы жылдар ішінде біз достық және стратегиялық қарым-қатынастарымызды дамыттық. Бұл – алғашқы 30 жыл ғана. Келешекте достығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді жалғастыра береміз.