Хабар телеарнасы

Үкімет Президент Жолдауын іске асыру үшін жалпыұлттық жоспар әзірлейді

Асқар Мамин басқаратын Министрлер кабинеті осы тапсырмалардың негізінде атқаратын жұмыс жоспарын таныстырды. Сонымен Президент Жолдауындағы барлық бағытты іске асыруға арналған Жалпыұлттық жоспар дайындалатын болды. Еліміздің әрбір өңірінде инфрақұрылымды жаңғыртуға, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыруға арналған жобалар іске асырылады. Бұған дейін айтқанымыздай, жоспар 7 қыркүйекке дейін Президенттің қарауына ұсынылуы тиіс.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Мемлекет басшысы еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын белгілеп берді. Президенттің алға қойған міндеттері мен бастамалары қоғамның сұранысы мен заманауи сын-тегеуріндерге негізделген. Олардың іске асырылуы экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырудың, халықтың әл-ауқатының артуы мен тұрмыс сапасының жақсаруының факторларына айналмақ. Жолдауда Үкімет жұмысының нақты бағыттары белгіленген. Қазіргі жағдайда біз нақты әрі үйлесімді әрекет етуіміз керек.