21:30Эфирде: Тұсаукесер!. «Тұмар» телехикаясы
22:30Әрі қарай: «Қазақ хандығы» телехикаясы
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

А. Мамин: Қазақстан экономикасы жыл басынан бері қайта өсе бастады

  • Категория: Саясат
А. Мамин: Қазақстан экономикасы жыл басынан бері қайта өсе бастады

Азық-түлік бағасының инфляциясы 10,7-ден 9,8% төмендеген.

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай деді. Іскерлік қатынастың реттелуі, табыс көзінің жандануы, импорт өсімі – осының барлығы азық-түліктік емес тауарлардың инфляциясын жоғарылатқан.

Осылайша өсім 5,6-дан 6,4% дейін жеткен. Жалпы сәуір айындағы жылдық инфляция 7% деңгейінде сақталып отыр. Ал Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан экономикасы жыл басынан бері қайта өсе бастағанын жеткізді. Үкіметте жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық ахуал қорытындыланып, бюджеттің есеп-қисабы жүргізілді. Бейнебайланыс арқылы төбе көрсеткен кілең есепке жүйрік министрлер мен Ұлттық банк төрағасы төрт айдың жетістігін алға тартты. Айталық, қаңтар мен сәуір айларындағы ЖІӨ көрсеткіші 0,7% жеткен. Бір қызығы, пандемияға қарамастан біздің елдің өңдеу өнеркәсібі соңғы он жылда жетпеген жетістікке жетіп жатыр екен. Өсім көлемі – 7,7% көлемінде.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы өсу жолына түсті. Қабылданған шаралардың арқасында экономиканың, оның ішінде қызметтер мен тауарлар өндірісінде өсудің оң қарқыны қамтамасыз етілді. Осы жылғы қаңтар-сәуірдегі ұлттық өндірістің өсу қарқыны 0,7% құрады. Экономиканың қалпына келу серпіні өндірістің барлық салаларында байқалды. Жалпы ішкі өнімнің өсуіне шикізаттық емес сектор ең үлкен үлес қосты. Биылғы жылғы 4 айдың нәтижесі бойынша өңдеу өнеркәсібінде өсу 7,7% құрады. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары өсім қарқыны.

Министрлер жариялаған мәліметке сүйенсек, машина жасау саласында – 20,6%, оның ішінде автомобиль жасау – 25,4%, локомотив пен вагон – 49,7%, электр жабдықтары – 10,2%, компьютер, электрондық және оптикалық жабдықтар – 52,3% деңгейінде өсім көрсетіп отыр. Енді бұл ғана емес. Химия өнеркәсбінде де өсім бар – 11,2%. Азық-түлік өнімдері – 3,9% және сусындар өндірісі – 5,1%, фармацевтика – 26,2%, мұнай өңдеу – 2,6%. Енді тізе берсек көп. Құрылыс материалдары өндірісі – 26,5%, ауыл шаруашылығы – 3%.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Экономиканың оң өсімі – пандемияны тежеу, сондай-ақ елдің жеке секторы мен өндірістік әлеуетін қолдау жөніндегі шараларды іске асыру тиімділігінің маңызды индикаторы. Экономиканың осы қарқынын алдағы айларда сақтап, оны ұлғайту маңызды.

Үкімет басшысы бұдан бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына назар аударуды тапсырды. Әкімдер мен министрлер, тұрғындар күнделікті тұтынатын тауарлардың құнын тұрақтандыру үшін бар күшті салу керек. Сондай-ақ Премьер-Министр ішкі және сыртқы инвестицияларды, әсіресе шикізаттық емес салаларға тарту, шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, жұмыспен қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ...