Хабар телеарнасы

Кіші Аралда су деңгейі тағы төмендеді

Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда аз. Егер бұлай жалғаса берсе, шамамен 5-7 жылдан кейін теңіздің солтүстік бөлігі экологиялық апатқа душар болмақ. Себебі Кіші Аралға құятын Сырдария суын пайдалануда кемшіліктер бар көрінеді. Осыны меңзеген Мұрат Бақтиярұлы: «Шұғыл түрде кешенді шара қабылдауымыз қажет», – дейді.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

 - Осыдан 17 жыл бұрын қабылданған еліміздегі су ресурстарын басқару заңы қазіргі талаптарға жауап бере алмайды. Сондықтан суды пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалып, ол тек суға қажеттілікті реттеп қоймай, су нысандарымен байланысты табиғи экожүйелерді сақтап, суды үнемдеуге ынталандыру үшін тұтыну саласындағы тарифтерді қайта қарап, озық технологияларды енгізуге мұрындық болуы тиіс.