Хабар телеарнасы

Н.Назарбаев: ел қауіпсіздігінің жаңа архитектурасы керек

Бұлар экономикалық, технологиялық, әлеуметтік ахуал мен сыртқы жағдайлар өзгерсе де, ешқашан мызғымайтын ұлттық мүдделеріміз». Бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Елбасының төрағалығымен өткен жиында  екі мәселе қаралды. Бірі – 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы, екіншісі – қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту мен Қарулы күштерді қайта қаруландыру жоспары.

Қазір көп мемлекет қауіпсіздік мәселесіне келгенде, сапалы өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Бұл қатарда Қазақстан да бар. Отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздікке әсері бар деген дәстүрлі қауіп-қатерлердің өзгеріп жатқанын айтты. Ассиметриялық және гибридтік қауіптер – соның дәлелі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы:

- Біз бір мемлекет, біртұтас ұлт ретінде бетбұрыс кезеңіне қазір келіп жеттік, бұл өзгерістер коронавирус пандемиясынан туындады. Дүниежүзілік экономикалық форумының болжамы бойынша, оның әсері алдағы онжылдыққа созылуы мүмкін. Пандемия салдарынан әлем жаңа дәуірге аяқ басқанын көріп отырмыз. Сондықтан еліміздің алдында қазір мүлде басқа сынақтар тұр.

«Осынау алмағайып тұста ұлттық қауіпсіздіктің жаңа архитектурасы керек. Сыртқы жағдай құбылып, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік ахуал қанша өзгерсе де, егемендік, аумақтық тұтастық, бірлік пен саяси тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқаты және әлеуметтік әділдік секілді ұлттық мүдделердің негізі бекем. Осы құндылықтарды сақтап, Тәуелсіздікті нығайту – Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының өзегі», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы:

- Казахстан, как и все другие государства мира, переживает борьбу с пандемией. Коронавирус, надеемся, рано или поздно отступит. Нам же из этой ситуации необходимо выйти победителем, и особенно с укрепленной медициной. Готовность угрозам биологической безопасности останется на повестке дня. И надо думать, что может повторится.

Денсаулық сақтау жүйесі – ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі бөлігінің бірі. Елбасы салаға қатысты көзқарас осындай болуы керек деп санайды. Қазіргі пандемия жағдайында әлеуметтік-экономикалық шығын болады. Азаматтардың табысы азайып, салалардың, аймақтар мен елді мекендердің дамуында алшақтық туады. Осылай деген Нұрсұлтан Назарбаев, бұл бағытта мақсатты түрде жұмыс істеу керек екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы:

- Важно комплексно поддерживать социально уязвимую группу населения, как мы до этого делали. Главная поддержка должна быть, чтобы они не остались без работы, создавать рабочие места. Обеспечить всем по возможности доступ к социальным услугам. Новым фактором национальной безопасности становится человеческий капитал. Настоящая угроза это не падение цен на минерально-сырьевые ресурсы, а риск снижения качества интеллектуального потенциала нации. Речь идет об образовании. Здесь мы еще серьезно отстаем от развитых стран, к которым мы стремимся. Наблюдается большой разрыв в качестве образования между регионами, городом и селом.

Биологиялық қауіпсіздік мәселесі адамзатты алаңдады. Әсіресе инфекциялық және кейбір аурулар жаһандық қауіп-қатер санатына қосылған тұста, дайындықты күшейту керек. Бұл да Нұрсұлтан Назарбаев баса айтқан бір мәселе. Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық, ақпараттық және киберқауіпсіздік мәселелеріне, әсіресе адам капиталы қауіпсіздігіне жеке тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы:

- В прошлом году мир пережил самое глубокое падение экономики за послевоенную историю. Все рассчитывали на возврат к до кризисным показателям уже в этом году. Но сейчас эксперты считают, что преодоление последствий серьезно затянется. В Казахстане ожидается восстановление экономического роста, по нашим прогнозам. Конечно, это хорошо. Нужно поддерживать малый и средний бизнес, частную инициативу и конкуренцию.

Отырыста қаралған екінші мәселе – Қарулы күштерді дамыту. «Жаңа технологиялар енгізуді және қару-жарақ пен әскери техника өндірісіндегі технологиялық прогресті есепке ала отырып, қарулы күштерді жетілдіру қажет», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы:

- Концепция перевооружения Вооруженных сил и развития оборонной промышленности до 2030 года определяет долгосрочное видение по оснащению армии, отвечает новым технологическим вызовам. Отечественная оборонная промышленность является важной составляющей обороноспособности и ориентирована на потребности вооруженных сил. Доля отечественной оборонной промышленности в государственном заказе превысила 60%. Объем эскпорта наших оборонных предприятий превысил 23 миллиарда тенге.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысын қорытындылай келе, Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен күштік құрылымдардың әскери дайындық деңгейін көтеретін, аумақтық қорғаныс күштерін нығайтатын нақты тапсырмалар берді.

Авторлары: Дархан Әбдуахит және Айдос Ентебеков