Хабар телеарнасы

Елбасы Бақыт Сұлтановты қабылдады

Кездесу барысында Елбасы ведомство қызметінің негізгі бағыттары мен сауда жүйесін одан әрі дамытуға қатысты ақпараттарды алды. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, министрлік қазір көпформатты сауда-логистикалық инфрақұрылымды тиімді қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұған қоса кездесу барысында ЕАЭО-дағы сауданы жүйелеу мәселесі де айтылды. Осы бағытта 16 кедергі алып тасталынған.