Хабар телеарнасы

Қамбасы толы Қазақстан: Президент науқанды табысты аяқтаған ауыл еңбеккерлерін құттықтады

Науқанды табысты аяқтаған ауыл еңбеккерлерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтады. Президент биылғы егін егу науқаны коронавирус пандемиясы салдарынан қиын жағдайда жүргізілгенін, ауа райының да қолайсыз болғанын айта келе, соған қарамастан, қамбаны астыққа толтырғанын ауыл еңбеккерлерінің еңбексүйгіштігі мен табандылығына ризашылығын білдірді. «Бүгінде ел өңірлерінде 20 млн тонна көлемінде астық жиналды. Бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ экспорттық әлеуетімізді арттырып, Қазақстанның астық державасы мәртебесін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталып, қоймаларға екі есе көп астық жиналды. Биылғы жиналған астықтың сапасы жоғары және барлық талапқа сай келеді» делінген құттықтауда.