Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Асқар Маминнің айтуынша мемлекет тарапынан қабылданған шаралар әлеуметтік маңызды тауарлар бағасынының артуын 4,4% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 874 мың адам жұмыспен қамтылған. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды жұмыспен қамту, бизнеске қолдау көрсету, өндіріс үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу мен елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру маңызын атап өтті.