Хабар телеарнасы

Ерболат Досаев Елбасыға әлемдегі экономикалық ахуалға шолу жасады

Бас банкир қазіргі пандемия кезіндегі әлемдегі экономикалық ахуалға шолу жасады әрі Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтағы жағдайына қатысты болжамдарын баяндады. Сондай-ақ елдегі ақша-несие саясаты туралы ақпарат берді. Досаевтың айтуынша қаржы нарығындағы жағдай тұрақты.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

- Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалдық.