Хабар телеарнасы

Елбасы Асқар Маминмен кездесті

Elbasy zhane Askar Mamin

Кездесу барысында Елбасы коронавирус инфекциясының таралуы дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында шектелгенін мәлімдеді.

Сонымен бірге медицина және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ерен еңбегін тілге тиек етіп, Мемлекет басшысының қолға алған шараларын өңірлерде де жүзеге асыру қажеттігін айтты. Бұл туралы Елбасы өңір әкімдерімен телефон арқылы сөйлесуінде де атап өткендігін жеткізді.

Кездесу аясында ел экономикасындағы жағдай талқыланып, Нұрсұлтан Әбішұлы ертең Қазақстан халқына үндеу жариялайтынын мәлімдеді.