Хабар телеарнасы

Қарағандыда 12 жастағы оқушы жол апатынан қайтыс болды

Ол таңертең мектепке бара жатқан. 51 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі Аманжолов көшесінде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен. Салдарынан оқушы алған дене жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
-Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан аса сақ болуды, жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.