Хабар телеарнасы

Қаракөлдегі аққулар өлімі: карантин енгізілмейді

Маңғыстаудағы Қаракөл көлінде қырылған аққулардың саны 870 жетті. Дегенмен өңірде карантин шаралары енгізілмейді. Аққулардың құс тұмауын жұқтырғаны туралы бұған дейін ресми ақпар жарияланған болатын.
Олардың өлекселерін жинап, жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Осы аптада Атыраудан Ақтауға автокөлікке орнатылған крематорий пеші жеткізіледі.

Айта кетсек, аймақта үй құстарына жұқпалы дерттің таралу дерегі тіркелген жоқ. Өткен жылы облыста 6 мыңнан аса қанаттылар егілген. Жуырда тағы қосымша 9400 доза вакцинаға тапсырыс берілген.

Ғаббас Досатов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы: 
- Көлде 87 мыңның үстінде құс бар қазіргі таңда. Оның ішінде 43 мың 600 сыбырлақ аққу. Бұл аққу Қазақстанның Қызыл кітабына кірмеген. Мына құс тұмауы әлсіз, ауру, иммунитет төмен құстарға жұғады. Кешегі өліп жатқан аққулардың біздің пайымдауымызша, 90% жуығы - балапандары.