Хабар телеарнасы

Павлодар облысындағы 117 елді мекен жарықсыз қалды

Бұл шамамен 4 мыңнан астам абонент. Желдің әсерінен үзіліп кеткен электр сымдарын жалғап, құлаған бағаналарды орнатумен 56 жөндеу бригадасы айналысып жатыр.

Қазір 48 ауылдық округ жарықсыз отыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде желдің жылдамдығы секундына 37 метрге дейін жеткен. Қатты жел 5 ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкетті. Келтірілген залал есептеліп жатыр.

Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдардың 20 астам бөлігінде шектеу енгізіліп, полиция бекеттері қойылды. Құтқару жұмыстары аясында 8 адамға көмек көрсетілген. 

Асқарбек Омаров, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:
- Екі авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді тасжолдарда. Оның себебінен 8 адам және 2 бала құтқарылып, 4 адам эвакуацияланды және 11 қаңтар күні сағат 3:50 минут кеткенде Төтенше жағдайлар департаментіне Баянауыл ауданында малшы жоғалғаны туралы хабарланды. Қазір осы малшыны іздестіру жұмыстары өткізіліп жатыр.