Хабар телеарнасы

Павлодар облысының тұрғынынан 170 келі киік мүйізі тәркіленді

Павлодар облысында 49 жастағы тұрғыннан 170 келі киік мүйізі тәркіленді. Тексеріс кезінде күдіктінің гаражынан 800 мүйіз салынған сегіз жәшік табылды. Айтуынша, тауарды Астана тұрғынынан сатып алған. Кейін өзі саудаға шығарып, оңай олжа таппақ болыпты. Қазір тергеу жүріп жатыр. Мамандардың есебінше, тәркіленген тауардың құны шамамен 2 млрд теңге. 

Асхат Әбетжанов, облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары: 
- Заңсыз қолдану фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол – келу туралы міндеттеме. Бірқатар сараптама тағайындалды.