Хабар телеарнасы

Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды

Абай облысының Аягөз қаласындағы 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды. Қайғылы жағдай 25 қазанда жер үйлердің бірінде болған. Құтқарушылар бригадасы түтін шыққан баспанаға дереу жеткенімен, балалардың өмірін арашалап қала алмады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр. 

Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары: 
- Қазір тергеу амалдары басталды. Тергеу амалдары жүргізіледі. Ол өрттің не себептен болғанын бәрін анықтайды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір оның не себептен болғанын, қай жақта болғанын, қалай болғанын мен айта алмаймын қазір.