Хабар телеарнасы

Ауғанстанның батысында тағы да жер сілкінді

Ауғанстанның батысында тағы да жер сілкінді. Зілзала күші 6,5 балл болды. 150-ден аса тұрғын жарақаттанып, 2 адам қаза тапты. Соңғы күндері бірнеше рет қайталанған жерасты дүмпулерінен кейін жергілікті халық саздан салынған үйлерін тастап, шатырларға көшкен. Сондықтан бұл жолы зілзаладан жапа шеккендер аз. Алайда күн суығанда, шатырлар пана болмай қалады. Оған қоса мектептер, емханалар мен өзге де ғимараттар қирады. Ал санкция салынған елге көмек көрсетіп жатқан мемлекет көп емес. Еске салайын, 7 қазанда аймақта жойқын зілзала болып, 2,5 мыңнан аса адам опат болды. Сол күні тағы бірнеше жерасты дүмпуі тіркелді. Үшеуінің күші 5,5 баллдан асты, ал 11 қазан күнгі дүмпудің күші 6,3 балл болды.