Хабар телеарнасы

Талғарда дәрігерлерді соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

Алматы облысы, Талғар аудандық ауруханасында дәрігерлерді соққыға жыққан күдіктілер ұсталды. Елді дүрліктірген бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция депаратаменті қылмыстық іс қозғады.

Еске салсақ, 19 қыркүйекте ауруханаға түскен науқас жансақтау бөлімінде көз жұмады. Оның туыстары медицина қызметкерлерін аяусыз ұрып-соғып, артынша марқұмның мәйітін алып кеткен.

Елімізде дәрігерлерге қысым көрсету, қол жұмсау дерегі бұған дейін де бірнеше рет тіркелген. Сондықтан сала мамандары, Үкіметке «Кәсіби қызметін орындау кезінде медицина қызметкерлерін қорғау» туралы заң жобасын әзірлеу жөнінде үндеу жолдады. 

Зәуреш Аманжолова, «Салалық кәсіподақ» қоғамдық қорының өкілі: 
- Дәрігер мен сол жерде істейтін мед аға өте ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. Сондықтан біз осы съезд делегаттар атынан біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үндеу жолдап отырмыз.  Медицина қызметкерлеріне қорғау керек екендігін көтеріп жатырмыз. 

Ернар Сайділ, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы: 
- Полиция қызметкерлері 1987 және 1994 жылғы екі күдікті тұлғаларды анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән жайы жан-жақты, толық және обективті зерттеу үшін сараптамамалық тексерулер тағайындауымен тергеу іс шаралары жүргізілуде.