Хабар телеарнасы

Абай облысындағы өрт кезінде тағы бір адам із-түзсіз кетті

Мұны Төтенше жағдайлар министрі айтты. Ал кешеден бері өрт аумағы қысқарған. Бұған дейін от 60 мың гектарға жайылғаны хабарланған еді.

Тағы бір ақпарат. «Семей Орманы» мекемесінде техника жетпейді. Орманшылар арнайы киіммен толық қамтамасыз етілмеген. 

 Қорған Қонысбайұлы, тілші:
- Семейдегі өрт кезінде тағы бір адам жоғалды. Ол қарапайым тұрғын. Тракторымен отты сөндіруге кеткен. Сөйтіп кешеден бері онымен байланыс жоқ. Қазір полиция іздестіріп жатыр. Мұны Төтенше жағдайлар министрі айтты.

Ал өрт аумағы 60 мың гектардан 43 мың гектарға дейін қысқарды. Қазір от «Семей Орманы» резерватының шығыс және батыс бөлігінде. Қалған аумақтарда жалын бұқтырылған.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Өскеменге қауіп жоқ. Өйткені түні бойы техника өрт сөндірушілер обработка жасады. Жол берілмейді. Семей жаққа басында болды. Оны біз тоқтаттық. Ол жаққа өрт бармайды. 

Ал «Семей Орманы» мекемесінің басшысы өздеріндегі проблемаға тоқталды. Резерватта қордаланған бірқатар мәселе бар. Техника жетпейді. Штатта 1500 адам тіркелген. Оларға киім де уақытылы алынбайды.

Мұрат Зарлықұлы, «Семей орманы» мекемесі бас директорының міндетін атқарушы:
- 3-5 жылда бір рет алады. Бізде бәрі ескі машина 71-ден 2014 жылға дейінгі машина, 5-6 ғана 2014 жылғы машина. Көбі 70,80,90 жылғы машина. 

Қазір өртпен 1500 адам алысып жатыр. 300 техника мен 12 тікұшақ жүр. Оның екеуі барлауда. Бірақ қосымша күш қажет емес. Осы құрам жеткілікті. Министр осылай деді.

Авторы: Қорған Қонысбайұлы