Хабар телеарнасы

Абай облысындағы өрт: қауіп сейілмей тұр

Абай облысында жел бағыты құбылғандықтан, өрт барысы да жиі өзгеріп тұр. Кеше ғана тыныш жатқан кейбір ауылдар аяқасты эвакуацияланып, Семей жақтағы бір жол бөлігі жабылды. Жалынның беті қайтатын түрі бар ма? Түннен қалай шықты ел?

Эльмира Ахметова, тілші:

-Түн тыныш болмады. Әбігерге түскен ауыл көп болды. Қалың көк түтін басқан аймақтан ауылдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Олар – біз тұрған Бородулиха ғана емес, Семей жақтағы ауылдық округтерге қарасты Озерка ауылдық округіндегі елді мекендер. Солардың бірі – Бұлақ ауылы. Онда эвакуация түнгі уақытта жүрді. 79 адам, соның 32-сі бала Семейдегі уақытша паналау пунктіне жеткізілді. Бастысы бұл ауылдарға өрт тиген жоқ. Бірақ қалың көк түтін басып кеткен. Жел күшейген сайын өрт те үдеп тұр.

Мұндайда енді жан-жақтан келген көмектің орны бөлек. Мәселен, Қарағандыдан келген әскери бөлім осы Бородулиха ауылының шетіне палатка құрып, керек жағдайда эвакуация жасауға дайын отыр.