Хабар телеарнасы

Абай облысындағы орман өртінің түтіні Жетісу облысына жетті

Абай облысындағы орман өртінің түтіні Жетісу облысына жетті. Желдің бағыты өзгеруінен Сарқан, Ақсу, Көксу, Алакөл, Қаратал аудандарын және Талдықорған қаласын көк түтін басты. Төтенше жағдай департаментінің өкілдері өңірде өрт болмағанын, ыстың көршілес өңірден келіп жатқанын мәлімдеді. Ал санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті қолқаны қабатын иіс өкпе және жүрек қан тамырлары ауруларын асқындыруы мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға далада ұзақ уақыт жүрмеуге, сыртқа шыққан жағдайда, бетперде киюге кеңес беріп отыр. Көбірек су ішіп, үй ішін ылғалдандырып тұруды да естен шығармау қажеттігін еске салды.