Хабар телеарнасы

12 маусым – ҚР Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы «Семей орманы» өртінде қаза тапқандарды еске алу үшін осындай Жарлыққа қол қойды. Елде аза тұту мен қайғы-қасірет белгісі ретінде 12-ші маусымда түн ортасынан бастап тулар жартылай төмен түсірілді. Жалпы Тәуелсіз Қазақстан тарихында 12 рет аза тұту күні жарияланды. Алғашқысы 2006 жылдың  22-ші қыркүйегінде Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада техногендік апаттан көз жұмған 41 кеншіні еске алу мақсатында жарияланса, Қаңтар оқиғасы мен коронавирус құрбандарын да аза тұтып еске алдық.