Хабар телеарнасы

Семей орманындағы өрттің аумағы 60 мың гектарға жетті

Тілсіз жаумен күрес 7 учаскеде жүргізіліп жатыр. Отты сөндіруге бір мыңнан астам адам, 237 техника және 11 тікұшақ тартылды. Өрт Талица, Каштак, Барышевка, Успенка, Поднебесное және Камышенка елді мекендеріне қарай үш бағытта таралуда. «Қалың түтін басқанымен, жоғары бетінде лапылдап жанып жатқан жоқ»,— дейді төтенше жағдайлар министрлігіндегілер. Өрттің бетін қайтаруға ауа райы оң әсер еткен. Түнде және таңертең сіркіреп жаңбыр жауды.