Хабар телеарнасы

Бітімгер әскер 164 нысанды күзетеді

Сондықтан Ресей, Беларусь, Армения, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген әскерилер ішкі ахуалға, сондай-ақ «антитеррорлық операцияларға» араласпайды.

«Тек еліміздегі стратегиялық маңызы бар 160-тан аса нысанды күзетеді», – дейді Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы.

 Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:

-Қазақстанда ерекше маңызы бар 164 стратегиялық нысан орналасқан.Олар – қалалық су қоймасы, елшіліктер мен әкімдіктер және т.б.  Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының біріккен бітімгерлік әскери күштері оларды бақылауға алу арқылы біздің Қарулы күштерімізді босатады. Соның арқасында біздің полицейлер мен әскер қызметкерлер бұрынғыдай нысандарды күзетіп тұрмай, көшедегі лаңкестерге қарсы контртеррористік операция жүргізе алады.