Хабар телеарнасы

Ұлттық музейде жаңа көрме ашылды

Биыл Ұлттық музейге – 10 жыл. Осыған орай елордада арнайы көрме ұйымдастырылып, танымал қылқалам шеберлерінің туындылары мен талантты авторлардың заманауи жұмыстары қойылды.

Келген қонақ қазақ кескіндемесіндегі тарихи сюжеттер жайында, алуан түрлі пейзаждық мотивтерге бөлінген алаңда 250 туындымен танысты. Үздік деп таңдалған 50 автордың ішінде Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмайлов, Орал Таңсықбаев, Үкі Әжиевтің туындылары бар.

Жауапты мамандардың айтуынша, қорда археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған көне бұйымдар мен 125 жылдан астам уақыт сақталған туындылар бар. Олар алдағы уақытта ұйымдастырылатын 40 көрменің біріне қойылады.

Айбек Сыдыков,  ҚР Ұлттық музейі директоры міндетін атқарушы:
- Оның ішінде отандық көрмеден бөлек, халықаралық көрмелерде бар. Атап айтатын болсақ, сәуір айында Якутиялық «Сокровищница» көрмесін қабылдайтын боламыз. Шілде айында Леонардо да Винчидің жалғыз туындысының көрмесі ұйымдастырылады.