Хабар телеарнасы

Қос батырдың 100 жылдығына орай іс-шаралар өткізу жоспарланған

1945 жылы сұрапыл соғыс аяқталар тұста жанкештілік танытып, Берлиндегі Рейхстагқа бірінші ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына биыл жүз жыл. Ерлігі жарты ғасырдан соң мойындалған батырдың құрметіне ел көлемінде бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтың де есімі кеңінен ұлықталмақ. Мамыр айында Ақкөл қаласында Сағадат Нұрмағанбетов атындағы сквер ашылып, оның төріне биіктігі шамамен 6 метрге тең қола ескерткіш орнатылады. Тағы 7 мамырдан бастап, 20 сериядан тұратын «Әскери ант» телехикаясы көрерменге жол тартады. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында айтты.

Тілеухан Басқожаев, ҚР ҚК Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы:
-Осыған ұқсас іс-шаралар Рахымжан Қошқарбаев бабамызға да, қазір Үкімет басшысына жіберіліп жатыр. Жалпы кешенді жоспар. Дәл осындай іс-шаралар осы кісіге де орындалатын болады. Біз қазір ұсыныстар жинап жатырмыз. Орталық органдардан. Жергілікті органдардан. Осы жобада кітапханаларда, халықаралық университеттерде осындай конференциялар өтеді. Кітаптары жаңғыртылады. Бірақ қазір ақша жағы пысықталып жатыр.