Хабар телеарнасы

Umai-2023 ұлттық сыйлығы кімге бұйырады?

Дәл қазір Астанада өнер саласының үздіктері анықталып жатыр. Шығармашылық ұжымдар мен сала қайраткерлеріне Umai-2023 ұлттық сыйлығы табысталады. Салтанатты шарада нендей қызықтар бар?

Дана Әлиева, тілші:
- Шара шымылдығын түрмес бұрын Қарағанды мен Астана баллет группалары «Жарқанат» атты опереттаны сомдады. Сондай-ақ мына артымдағы холлда конкурсанттардың суреттері мен түрлі инсталяциялары қойылды. Мойындау керек, көрермендердің қарасы мол. Барлығы Umai сыйы кімге бұйырады деп тағатсыздана күтуде. Бізге белгілі ақпарат бойынша 322 өтінім түскен, 114 адам финалға өтіпті. Енді үздіктер 4 номинация бойынша марапатталады. Атап айтсақ «Театр», «Музыкалық-орындаушылық», «Хореография» мен «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» атты номинациялар бар. Аталымдар бойынша 29 түрлі награда беріледі.

Айта кеткен жөн Umai байқауы осымен екінші рет өткізіліп отыр.

Биылғы ерекшеліктеріне тоқталсақ, арнайы жүлделер болады. «Үздік балалар спектаклі» атты аталымы бойынша сыйлықтар табысталады. Сондай-ақ жасы 40 аспаған сахна өнерінің шеберлері «Жыл жаңалығы» атанады. Сыйлықтарға көшсек. Жеңімпаздарға берілер мүсінше қоладан құйылады. Жартылай асыл тастармен қапталады. Әрине, ақшалай сыйлықтар да жетерлік.

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүлде қоры үлкейген. Қазір 79 млн теңге қарастырылып отыр. Осылайша шара ауқымы кеңейіп, болашақта да жалғасады деп сенеміз.