Хабар телеарнасы

Алматыда «Burkit» экшн-фильмінің тұсаукесері өтті

Отандық киноиндустрия тағы бір туындымен толықты. Алматыда «Burkit» экшн-фильмінің тұсаукесері өтті. Жаңа фильм Ұлттық ұланның құрамына кіретін арнайы жасақтың қиын да қауіпті қызметіне арналған. Туынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» көмегімен түсірілген. Фильмге үш жауынгердің достығы арқау болған. Қылмыстық топқа қарсы текетірестің бірінде олардың достығы сыналады. Режиссері — Данияр Ибрагимов. Басты рөлдерде Дәурен Серғазин, Санжар Мәди, Асылхан Төлепов ойнайды. 

Санжар Мәди, актёр:
-Осы фильмде менің атым — Феникс. Осы фильмде өте қиын түсірілім болды негізі. Сарбаздың киімі өте ауыр. 50 кг. Басқа тартатын шлем 15 кг болды.