Хабар телеарнасы

Мереке қарсаңында «Республика – ел тұғыры» атты мерекелік концерт өтті

Республика күні – мемлекеттігіміздің бастауы және осы жолдағы тарихи қадамның нышаны. Мереке қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында Алматы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Республика – ел тұғыры» атты мерекелік концерт өтті. 

Ұйымдастырушы Алматы ауданының әкімдігі концерт барша елордалықтарға тарту. Мұнда жарқыраған эстрада және поп жұлдыздар жоқ.

«Самға би» ансамблі, «Алтын Домбыра» және «Қазақ ұлттық өнер» университетінің оркестрлік ансамблі өнерлерін ортаға салды.

Әсіресе қаршадай ғана жеткіншектердің елдік, Отан туралы оқыған өлеңдері көптің көңілін толқытқаны анық.

Мақсат Саматұлы, Астана қаласы Алматы ауданының әкімі:
-Біздің Президентіміздің дәл осы мерекені қайта жаңғырту мәселесін білесіздер қолға алып жатыр. Былтырдан бастап өткізіп жатырмыз, енді жыл сайын осындай концерттерді өткізіп отырамыз.  Бүгінгі концертіміздегі әрбір көрінісіміз, әрбір номеріміз, әрбір ойналатын әніміз, биленетін биіміз ең бастысы бұл халқымыздың рухын көтеретін іс-шара.

Дарын Қаппаров, қала тұрғыны:
-Басқаларға қарағанда бүгінгі концерт негізі ерекше өтті. Бұл кеш балғындардың бағын ашты деуге болады. Концерттен соң өз жұлдыздарын тапқан көрермендер олармен суретке түсіп, қошемет көрсетіп жатты.

Авторлары: Берік Дүйсенбай, Дархан Күнтуов