Хабар телеарнасы

Ясауи мұрасы зерттеледі

Қазақстан мен Түркия киногерлері бірлесіп, Қожа Ахмет Ясауи туралы сериал түсірмекші. Қараша айында отандық мамандар жаңа туындыны пысықтау үшін Түркияға аттанбақ. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан «Қожа Ахмет Ясауи мұрасына жаңа көзқарас» атты халықаралық конференцияда айтылды. Шараға 7 елден 20-ға жуық ясауитанушы ғалым қатысып, құнды деректерімен бөлісті. Шығыстанушы ғалым Өмір Тұяқбаев 18-ғасырда Ясауидің ұрпағы Қайдар Мұхаммед ибн Ядғар шейх жазған құнды қолжазбаны «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне тапсырды. Туындыға Ясауидің сопылық мектебі арқау болған. 

Өмір Тұяқбаев, шығыстанушы ғалым: 
-Бұл кісінің көлемді шығармасының бірі «Танбиху дали» деген шығармасы болған. Ол бүгінге жетпей қалды деп есептелген. Алайда ол кітап елімізде жеке қорда жатыр. Жеке қорлар елімізде зерттелмей қалған жайы бар. Оған заңнамалық тұрғыдан да кедергілер болғаны рас. Сондықтан біраз антикварлар өздерінің көне заттарын көрсетуге қорқып қалған. Бізде 20-ден аса қолжазбасы бар коллекционерлер бар.