Хабар телеарнасы

Алматыда Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағы жарыққа шықты

Оқырман қауымға кезекті 3 том таныстырылды. Алғашқы бес томдық осыдан жеті жыл бұрын басылған. Таласбек Баймұхамедұлы әр саланың сырын ұққан жан еді. Ол әдебиет және музыка сыншысы, мифология, тарих және этнография зерттеушісі жүгін арқалады. Көзі тірісінде басылып шыққан «Талтүс» романы оқырманның ықыласына бөленді. Оның сценарийімен түсірілген «Біржан сал» мен «Құнанбай» фильмдері — қазақ киносындағы сүбелі еңбектердің бірі. Ол Байжігіт, Тәттімбеттердің жолын қуған шертпе күй мектебінің өкілі ғана емес, өзі де көркем әуендер дүниеге әкелді. Айта кетейік, төрт жылдан бері «Таласбек» сыйлығы жарияланып, ең үздік әдебиетшілерге жүлде тапсырылып келеді.. Биылғы байқаудың қорытындысы 23 қыркүйекте анықталады.

Зира Наурызбай, мәдениеттанушы, Т. Әсемқұловтың жары:
-Қазақша берген сұхбаттары мен полемикалық мақалалар солар 6-шы томға енді. 7-ші том орысша берген сұхбаттар, орысша жазған мақалалар. 8-ші том ол Таласбектің алдыңғы томға сыймай қалған дүниелері. Ішінде «Астана-Алматы» деген киносценарийі, күнделіктерден үзінділер кейбір мақалалар анау томдарға сыймай қалған.