Хабар телеарнасы

Ұлттық музейде жаңа 2 зал ашылды

Алғашқысы — «Палеонтология» көрмесі. Онда Қазақстанда табылған әр дәуірдегі жануарлардың эволюциясы қойылған. Триннозавр, үш саусақты гиппарион жылқысы, үлкен мүйізді бұғы, мамонт секілді тіршілік иелерінің қаңқалары жинақталған. Жалпы 263 экспонат ұсынылып отыр. Бұдан бөлек «Қолөнершілер орталығы» да ашылды. Онда суреттер, мүсіндер, ежелгі бұйымдар мен қолөнер заттары сатылады. Мамандардың айтуынша бұл орталық музей маркетингін дамытуға мүмкіндік береді. Осымен Республикалық Ұлттық музейдегі көрме залдарының саны 20-ға жетті.