Хабар телеарнасы

Павлодардағы мұражайда сақталған құнды көне кітаптар елордаға жеткізілді

Ұлы Абайдың Петербургте жарық көрген тұңғыш кітабы мен Орынборда басылған «Жас қазақ» журналдары табылды. Қараша төте жазумен жазылған кітаптарды шаңырақтардың төріне құран деп іліп жүрген. Арабша хат танығандар оның құран емес, Ахмет Байтұрсынов атамыздың «Масса» кітабы екенін айтып, мамандарға табыстаған. Халық арасынан «Қырық мысал» мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қолжазбасының түпнұсқасы табылды. Көне жәдіргерлерді жинақтауға 1,5 жыл кетіпті. Қоржында әлі зерттелмеген 2 кітап бар екен.

Ербол Қайыров, Бұхар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің басшысы
-Қазақтың зиялыларының шығармалары, мақалалары, ауыл шаруашылық, мәдениет, қазақтың тұрмысы жайында жазылған журнал болған. 2,3 нөмерлері шыққан екен. Соның соңғы нөмерлерін тауып отырмыз. 1907, 1909 жылдары жазылған 15 қол жазба табылды. Соның бәрін осында әкеліп отырмыз.