Хабар телеарнасы

Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толды

Шіліңгір шілде. Патша әскеріне қарсы күрес басталып, талай ақтаңдақтар азаттық үшін құрбан болған кезең. Ал бүгін сол бабалар аңсаған бейбіт күн. Бірақ өткен ерлік ұмытылмауы тиіс! Биыл ұлт-азаттық көтерілісінің басты қаhармандарының бірі саналатын Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл. Осыған орай Астанада батыр ұрпақтарының қолдауымен алғаш рет республикалық көрме ұйымдастырылды. Мұнда 400-ге жуық құнды жәдігер мен құжат қойылған. Республикалық конференцияда тарихшылар Амангелді Имановқа байланысты кейбір деректерге қайта баға берілуі керек деген ұсыныстар айтты.

Ерлан Қалмақов, Қостанай облысы Мәдениет басқармасының басшысы, тарихшы:
-Өзінің елінде мектеп ашқан. Ешқандай саяси ұстанымда емес, ең бірінші кезекте қазақ халқының азаттыққа жетуіне байланысты соны көксеген, соның жолында құрбан болған. Көтерілістің бас сардары деп емес қайраткер ретінде қарастыруымыз керек.