11:00Әрі қарай: «Балуан Шолақ» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» Агенттігі түсірген фильм халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы атанды

  • Категория: Мәдениет
«Полигон» фильмі

Семей ядролық полигоны туралы тарихи телехикая «Moscow Russia International Film Festival 2022» халықаралық кинофестивалінің «Үздік телевизиялық мини-сериал» номинациясының жеңімпазы атанды.

«Полигон» фильмін қазақстандық кинорежиссер Ахат Ибраев түсірді. Саяси детектив Семей ядролық полигонының жабылу тарихы туралы баяндайды. Телехикая ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында орын алған оқиғаларды сипаттайды.

Сериалдың басты рөлдерінде Азамат Сатыбалды, Ерлан Біләл, Жандарбек Садырбаев, Сергей Матвеев, Денис Анников сынды танымал актерлер өнер көрсетті.

«Moscow Russia International Film Festival 2022» Халықаралық Кинофестивалінің төрешілері командасына Ресей, Германия, Канада, Австрия, Испания, Мексика, Швеция және Грецияның кәсіби кинематографистері енді. Кино саласының мамандары барлық ұсынылған фильмді жоғары бағалады. Ең көп ұпай жинаған фильмдер ресми конкурсқа қатысу үшін іріктеуден өтіп, қазылар алқасы әр номинацияның үздік фильмдерін анықтады.

 

Сондай-ақ...